Жұма, 29 қараша, 09:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда – жүрегімде

18.10.2022

934 0

Туған өлке жайлы сөз қозғаған сәтте есіме кең байтақ Қазақстаным түседі. Ал жүрегіме ең ыстық өлке − сұлу да көркем, ақынға жыр, халқына сыр болған Қызылорда мекені. Қарт Қаратаудың етегі мен Қызылқұмның жиегін жағалай аққан Сыр ана сонау Аралға жетіп тыныс табады. Бұл өңір қаншама жаугершілік оқиғаны бастан кешкен. Еліміздің ең көне қалаларының бірі болып саналатын Қызылордада қаншама қазба байлық бар.

Мен үшін ең ыстық болған бұл қаланың өзіндік ерекшеліктері көп. Өзге аймақ халқына жақ­пайтын ыстық ауа-райы да, мұнда мекен ететін әрбір жан да менің бір бөлшегімдей. Менің ойымша, әр қазақ өз елін мақтан етуі керек. Әрине, әр қаланың өзіндік ерек­шелігі, көпке ұқ­самайтын мар­жаны болады және сонысымен жүректен орын алады. Біріншіден, бұл қалада жақындарың, достарың бар, барлық балалық естеліктерім осында. Ал екінші жағынан, ту­ғаннан бастап тәнім де, жаным да осы жерге бейімделген. Яғни, айтқанда ата-анаммен қоса, ту­ған жер де менің мәңгілік махаббатым.

Жалпы Қызылорда өңірінің топырағы табиғи қазба бай­лықтарға бай. «Қара алтын» ата­лып отырған мұнай көзде­рінің көптеп табылуы, «Құм­көл» мұнай кеніші, Арал төңірегіндегі мұнай көз­дері, Шиелідегі уран мен Шалқиядағы түсті метал­дар ке­ніші, «Қаратаудың» «Қара­мұрын» аймағындағы алтын қоры сөзіміздің дәлелі.

Сонымен қатар Сыр өлкесінің халқы өздерінің ақ күрішімен де мақтанады. «Сыр күріші − ел ырысы» деп, аймақ халқы ақ күрішті жоғары қояды. Ақ күріштің атасы, атақты диқан, екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаев еңбегі жас ұрпаққа өнеге. Міне, бүгінгі ұрпақ осы мұраны сақтап, бүгінде қамбасын ақ маржанға толассыз толтырып келеді.

Ел мақтанышына айналған Сыр өңірі жайлы жазылған шығар­малар да аз емес. Тәңірберген Қалауовтың «Қызылорда вальсі», Бейбіт Ахметованың «Сүйем сені, Сыр елім», Мұрат Сыздықовтың «Сыр гүлі» әндері Қызылорданың әсем бейнесін айшықтап, елге паш етеді.

Ең бастысы, бұл аймақта қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық санасы берік сақталған.

Айғаным ЖҰМАНҒАЛИ,

П.Д.Осипенко атындағы

№8 орта мектеп оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: