Жұма, 22 қараша, 23:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 14 қабатты үй салынбақ

26.02.2022

1286 0

Құрылысы қарқынды, зәулім ғимараттар бой түзеген Қызылорда қаласы үшін бұл ерекше ұсыныс. 20 жылға жуық шет мемлекеттерге инвестиция құйып, ғимараттар тұрғызған қос компанияның тәжірибесі мол, нарықта беделі жоғары. Сондықтан олар еліміздің алғашқы астанасы атанған Қызылорданың төрінен соңғы үлгідегі көпқабатты үй салуды мақсат етіп отыр.

Жоспар бойынша мың пәтерлік көпқабатты үй салынады. Кешенді құрылысқа емхана, мектеп, балабақша, спорттық алаңдар кіреді. Аталған инвесторлар жобалау жұмысын жасаса, облысымызға танымал «ДорСтрой» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Нысан түсетін орын да белгіленіп тұр.

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев инвесторларға қала әкімдігі тарапынан барынша қолдау білдіріп, инфрақұрылым жүргізу жұмыстарын жеделдететінін айтты. Сонымен қатар оларға сырттан ешбір маман алып келмей, кәсіптік оқуын тәмамдаған қызылордалық жас мамандарды қайта даярлап, жұмысқа қабылдау қажеттігі басты талап екенін айтты. Осылайша қос тарап ортақ мәмілеге келіп, сәуір айында нақты эскиздік жобаны талқылауға уағдаласты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: