Сәрсенбі, 27 қараша, 16:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 20 мыңнан астам тал егілді

22.03.2021

4262 0

Қызылорда облысында «Таза табиғат» экологиялық акциясына 6 мыңнан астам тұрғын қатысты. Көпшілік жергілікті жерде өсетін 20 мыңнан астам Сыр талы, қара ағаш және жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы қыркүйек айындағы Жолдауында елімізді ауқымды көлемде көгалдандыруды және экологиялық жағдайды жақсартуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында республика көлемінде бүгінгі күні «Таза табиғат» экологиялық акциясы ұйымдастырылуда. Елімізде жасыл желекті көбейту мақсатында өткен жылы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп арнайы алгоритм әзірлеген болатын.

 Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Наурыз мейрамы қарсаңында Тұңғыш Президент атындағы саябағында «Таза табиғат» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. «Бабаларымыз Әз-Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырған. Бұл – ежелден келе жатқан біздің ата-салтымыз әрі бүгінгі күні жастарға көрсетер тәрбиелік мәні зор үлгі-өнегеміз. Туған жерді және оның табиғатын қадірлеу – азаматтық парызымыз десек, Өзіміз тұратын ауламызға тал егіп, туып-өскен аймағымызды көгалдандыру өмір салтына әрі күнделікті дағдымызға айналуы тиіс деп білемін. Сыр халқын осы игілікті іске белсене араласуға шақырамын», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: