Қызылорда облысында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруды бастады. Жобаға қатысуға ниетті азаматтар қала, аудандағы ауыл шаруашылығы немесе кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдеріне құжаттарын тапсыра алады.
Қаржыландыру сомасы:
– ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы жеке кәсіпкерлер 2,5 мың АЕК-ке, яғни 8,6 млн теңгеге дейін;
– ауыл шаруашылығы кооперативтері 8 мың АЕК-ке немесе 27,6 млн теңгеге дейін несие ала алады.
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз.
Мерзімі:
– мал шаруашылығындағы жобаларға 7 жылға;
– бизнестің өзге де бағыттары үшін 5 жылға;
Кепілмүлікке тұрғын үй, пәтер, тұрғын емес ғимараттар, несие сомасы өтелмеген жағдайда қосымша кепіл ретінде жылжымалы мүлік және жер телімі қабылданады.
Жеңілдік кезеңі несие мерзімінің 1/3-нен аспайды.
Басты бағыттар:
- ауыл шаруашылығы кооперациясы;
- ауыл шаруашылығы тауарларын өңдіру, өңдеу және жаңа өңдеу;
- егін шаруашылығы;
- мал шаруашылығы (құс, балық, ара және мал шаруашылығы);
- бизнестің өзге де бағыттарындағы жобалар.
Құжаттар тапсыру рәсімі:
- жеке кәсіпкер жобаға қатысу үшін тізімге сәйкес толық құжатты жергілікті әкімдікке өткізеді;
- жергілік әкімдік құжаттын толықтығын тексеріп «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жолдайды;
- «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құжаттарды қарауға алып, салалық қорытындылар жасап, шешім қабылдау үшін Несие комитетіне ұсынады;
- Несие комиетінің оң қорытындысын алған жағдайда, кепілге қойылатын мүлікке тәуелсіз бағалау жасатылады;
- келісім шартқа қол қойылып, ұсынылған кепіл уәкілетті органдарда тіркеуден өткізіледі;
- қарыз беру жүзеге асырылады.
Бизнес жоспар әзірлеу үшін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы мен Бизнеске арналған үкімет мекемесіне хабарласуға болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда +7 775 451 28 28 нөміріне хабарласыңыз.
«Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!