Аймақ басшысының қолдауымен қаланың жол – көлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Іргелі бастамалар барлық салаларда көрініс табуда. Биыл магистральды жолдардың аясы кеңейтілді. Соның бірі Әуежай жолы. Жалпы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын жол 4 жолақты болып кеңейтілді. Осындай ауқымды шаралар арқылы әуежайға іргелес жатқан ПМК-66, ПМК-29, Еңбек саяжайлары мен Сырдария ауданына қарасты Амангелді, Жетікөл, Айдарлы ауылдық округтерінің тұрғындарына, қалаға келуші қонақтарға қолайлы жағдай жасалды.
Жүйелі жұмыстар келер жылы да жалғасын тауып, Әуежайға барар жолдың бойындағы 3 автомобиль көпірін кеңейту жұмыстары жүргізілетін болады. Нәтижесінде «Шіркейлі», «Сыздық» және «Жаңадария» каналдарындағы көлік қозғалысы екі жолақтан төрт жолаққа ауыстырылады.
«Шіркейлі» каналы және «Сыздық» каналдары арқылы өтетін автомобиль көпірлерін кеңейту жұмыстарын мердігер мекеме «Жылу 21» ЖШС атқаратын болады. Бүгінде мекеме құрылыс алды дайындық жұмыстарын бастап кетті. Ал, «Жаңадария» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірін кеңейту бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Бұл көпірлердің басты қызметі – жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ, Қызылорда қаласының халықаралық маңызы бар автокөлік трассасын қауіпсіз және үздіксіз көлік ағынымен байланыстыру.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!