Дүйсенбі, 25 қараша, 23:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада күніне 27 мың тонна тұрмыстық қалдық өңделеді

25.04.2021

3574 0

Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев «Қызылорда тазалығы» ЖШС мен тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу полигоны және сол жағалаудағы КНС-32 КГ ГКНС-1 жұмысына барды.

Қызылордада күніне 27 мың тонна тұрмыстық қалдық өңделеді

Шаһар басшысы алдымен қала іргесіндегі қатты қалдықтарды қайта өңдеу полигонына барды. Өткен жылдың тамыз айында өз жұмысын бастаған кәсіпорында қазіргі таңда 9 техника, 35 адам тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау қызметімен айналысуда.

Полигон «Белкөл» кентінен 7,5 шақырым қашықтықта, экологиялық – санитарлық талаптарға сәйкес қалдықтардың өңдеу үлесін арттыру бағытында салынған. Кешен күніне 16-17 тонна, жылына 60 000 тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, өңдеуге қауқарлы. Қалдықтарды сұрыптау кешенінің құрылғылары Ресейде жасалған.

Ауданы 20 гектар қоқыстарды сұрыптау кешенімен және жарамсыз қоқыстарды көму алаңдарымен қамтамасыз етілген полигонға орташа есеппен күніне 110 тонна көлемінде қаладан жиналған тұрмыстық қалдықтар қабылданады. Осы қалдықтарға сұрыптау және көму жұмыстары жүргізіледі.

2020 жылы Қызылорда қаласы бойынша құралған 27 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 21,8 пайызына сұрыптау және өңдеу жұмыстары жүргізіліп, 115 тонна сұрыпталған шикізат өнімдері (пластмасса, стекло, қағаз, цвет.мет.) қайталама пайдалану үшін мүдделі кәсіпкерлерге жөнелтілген.

Одан әрі Ғанибек Қонысбекұлы Қызылорда тазалығы мекемесіне барып, техникалық мүмкіншіліктерін көрді. Серіктестікте бүгінде штаттық режимде және қоғамдық жұмыспен қамту арқылы барлығы 618 адам жұмыс істеуде. Мекеме осы қызметкерлердің және балансындағы 137 дана арнайы техниканың күшімен қаладағы 800-ден аса көшенің күнделікті тазалығын сақтап келеді. Сонымен қатар күніне орта есеппен 1 мың 100 текше метр қоқысты арнайы полигонға шығаруда.

Аралау барысында күн-түн демей, уақытпен санаспай, тыным таппай қала тазалығын жоғары деңгейде сақтап тұрған тазашылықшылардың еңбегін ерекше атап өткен шаһар басшысы мекемені экономикалық тұрғыда әлдендіру алгоритмін жасап, серіктестіктің штат санындағы балансты сақтап, жұмыс тиімділігін арттыру керектігін жеткізді.

Қала басшысы бүгінгі барған нысандардағы аталған жұмыстардың жүйелі атқарылуын сала мамандарына нықтап тапсырып, өз бақылауына алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: