Терроризмге қарсы операция 12 облыста және екі мегаполисте аяқталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Терроризмге қарсы операция Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында жалғасып жатыр. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында қауіптің қызыл деңгейі жойылды.
Ал Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекеттерге қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шаралары жалғасып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!