Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада құрылыс қарқыны қандай?

13.10.2022

990 0

Облыста сәулеті жарасқан әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды дамып келеді. Биыл өңірде 108 нысанның құрылыс жұмыстары жүруде. Бүгінгі күнге дейін 7 нысан ел игілігіне берілсе, жыл соңына дейін 97 нысан пайдалануға берілмек. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Мәди Әліп хабарлады.

Осы уақытқа дейін Әйтеке би кентінде 250 орындық емхана, 2 медициналық бекет, Жалағашта оқушылар үйі мен Таң ауылында дәрігерлік амбулатория, Арал қаласында 200 орындық мектеп пен 100 орындық интернат және шыны зауытының теміржол тұйығы салынды. Қазіргі күні білім саласында – 12, денсаулық сақтау саласында – 6, мәдениет және спорт саласында – 25 нысан, халыққа қызмет көрсету саласы бойынша неке сарайының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, жыл аяғына дейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1294 пәтерді құрайтын 31 тұрғын үй халыққа табысталмақ. Ал 9 айдың қорытындысымен 519,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, – деді басқарма басшысының орынбасары Мәди Раманқұлұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: