Бүгін Қазақстан және КСРО халық артисі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығы аясында туған жері Сыр елінде әншінің ескерткіші ашылды.
Облыс орталығының қақ төрінен орын алған ескерткіштің ашылу салтанатында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, Роза Тәжібайқызының ұлы Тәжен мен келіні Марал өз лебіздерін білдірді.
Ескерткіштің ашылу рәсімі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» республикалық әншілер конкурсына ұласып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!