Жұма, 27 желтоқсан, 07:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада спорт кешені мен тұрғын үй пайдалануға берілді

09.12.2021

1139 0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесінде қызылордалық 50 отбасы баспаналы болды. Мерейтой қарсаңында үйлі болған азаматтарды Сыр еліне жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев құттықтады. Мерейлі сәтте Сенат спикері Мәулен Әшімбаев пен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баспана кілтін табыстап, қоныс той иелерін құттықтады.

Апаттық тұрғын үйлерде тұрып жатқан азаматтарға арналған жаңа тұрғын үй облыс орталығының сол жағалау бөлігінде орналасқан. Нысанның құрылысын салған мердігер мекеме – «Дәнекер» ЖШС.

Жаңа пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Жаңа баспанаға қол жеткен көпбалалы аналардың бірі Алима Алсуева тұрғындар атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Алима «Қызылорда Тазалығы» ЖШС аула сыпырушысы болып жұмыс істейді, күйеуі денсаулығына байланысты жұмыссыз, ІІІ топ мүгедегі. Отбасы 2007 жылдан бастап Жетікөл көшесі, №11 үй №2 пәтерде тұрады. Аталған тұрғын үй 2020 жылы апаттық жағдайда деп танылған. «Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда» деп танылған азаматтар санаты бойынша 2020 жылы 10 наурызда тұрғын үй алу кезегіне тіркелген.

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев үй иесіне естелік сыйлық ретінде теледидар табыстады.

Қызылордада спорт кешені мен тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгін сондай-ақ, Қызылордада 800 балаға арналған жаңа спорт кешені ашылды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин салтанатты түрде кешеннің лентасын қиды.

Әрі қарай спорт кешенінің құрылтайшысы Мұрат Сәрсенбаев делегаттарға нысанның және «Syr Dami» спорт-кафесінің жұмысымен таныстырып, алдағы уақытта кешен аумағынан салынатын жобалар туралы баяндады.

«NАMAN ATA» спорт кешені арқылы 19 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. 800 жасөсіпірімді 8 жаттықтырушы спорттың 10 түрі, яғни қазақ күресі, дзюдо, самбо, таеквондо, бокс, грек-рим күресі, каратэ, грэпплинг, панкратион, муай-тай түрлері бойынша секцияларда дәріс береді.

Айта кетейік, тәуелсіздік жылдарында Сыр елінде спорт инфрақұрылымы нысандарының саны 3 есеге, ал денешынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 6 есеге артқан. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өңірде 7 спорт кешені пайдалануға берілсе, 6 спорт кешенінің құрылысы жалғасуда.

Облыста биыл 2156 баланы қамтитын мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруды 2021 жылғы 212 млн. теңгеден келесі жылы 4312 балалар үшін 638 млн. теңгеге ұлғайтуды жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: