Жұма, 22 қараша, 04:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада су қоры таусылған

21.08.2022

992 0

Экология министрлігі еліміздің Су кодексін талқылау барысында Қазақстанның су ресурстарының тапшылығының күрделі проблемасына тап болғанын, тікелей ауыл шаруашылығымен айналысатын Түркістан, Жамбыл және Қызылорда өңірлерінің аудандарында бұл мәселенің байқалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Экология министрлігінің айтуынша тұрғындарға да, бизнес өкілдеріне де судың жеткілікті болу үшін министрлік заң бұзушылықтарға бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр. Дегенмен, ол үшін мамандар су ресурстарының қаншалықты тиімді пайдаланылғанын тексеруі керек. Ал елімізде ондай қызметкерлерден тек 62 адам жұмыс істейді. Толық және сапалы жұмыс істеу үшін осындай 600-ге жуық қызметкер қажет.

Министрлік сонымен қатар осыған байланысты шараларға қойылатын талапты да күшейту керек екенін айтты. Мәселен, осыған дейін қандай да бір тексерістер алдында хабарланып, айтылып жүрген. Бұл дайындықты алдын ала жасап қоюға мүмкіндік беріп келді.

“Қазіргі мемлекеттік бақылау жүйесі алдымен оны жоспарға қоюды, кәсіпкерді тексеріс баратынына алдын ала ескертуді талап етеді. Мұның бәрі алты айға дейінгі аралықта созылады. Осы уақыт ішінде біз барлығын бірден түсініп, зерттей алмаймыз. Сондықтан бақылау тек жұмыс уақытын қамтиды”,-деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің департамент басшысы Марат Иманалиев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: