Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы

25.09.2022

939 0

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар мен оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын жайдан тыс жерде, кешкі және түнгі уақытта анықтауға бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында 2022 жылдың кыркүйек айының 23-27 күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында алкогольдік ішімдік ішетін, заңды өкілдердің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта үй-жайлардан тыс болатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бойынша және жастардың шоғырлану орындарын (жастардың жиналу орындары, аулалар, жертөлелер, және т.б.) тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның 2 күнінде ішкі істер органдарына 138 құқық бұзушы жеткізілді.
Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық кешендерінде және тұрғын жайдан тыс жерде жүргендері үшін 124 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды, ал қалғаны 14 қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін жеткізілді.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 8 кәсіпкер, жасөспірімдерге темекі және алкоголь өнімін сатқаны үшін 5 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаған (ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы) 14 дерек анықталып, хаттама рәсімделіп тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Кәмелетке толмағандардың және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: