Қызылордада үйден жарылыс шықты. Үйде болған төрт баланың жағдайы ауыр, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Дәрігерлердің сөзінше, екі баланың денесі 85 пайызға күйген.
Оқыс оқиға 29 шілдеде кешкі сағат сегіз шамасында әл-Фараби шағын ауданында болған. Жойқын жарылыстан үйдің күлі көкке ұшып, төбесі ортасына түскен.
Денесін күйік шалған 13 пен 15 жас аралығындағы төрт жасөспірім қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!