Еліміздің ертеңi жас ұрпақтың жоғары деңгейде бiлiм алуына көңіл бөлу – мемлекетiміздің ең маңызды мiндетi. Осы ретте, Президент бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде мектептер ашылуда.
Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Қызылорда қаласының Арай шағын ауданындағы 1500 орындық «Жайлы мектеп» құрылысын көрді.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан жаңа мектептің құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүруде. Нысанының бүгінгі жай-күйімен «АбуСер» ЖШС мердігер ұйым өкілдері таныстырды.
Қазіргі таңға құрылыс жұмыстарының 67% орындалған. Қабырға кірпіштері қаланып, сыртқы беттері сенвич панельмен қапталған.Төбе шатыры жабылған. Ішкі инженерлік сеть жұмыстары 57% орындалып отыр, ішкі қабырғаларының әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сыртқы абаттандыру жұмыстары 25% орындалса, сыртқы электр жүйелері толығымен аяқталған.
Сенат депутаттары мектептің заманауи талаптарға сай болуын және оқушылар үшін жайлы жағдай жасалуы керектігін айтты. Сондай-ақ, мердігер мекеменің жауапты қызметкеріне құрылыстың сапалы әрі өз мерзімінде аяқталуын тапсырды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!