Қызылорда облысы Шиелі ауданында жанармай құю бекеті өртенді
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, газ-ауа қоспасының тұтануы кейіннен жануына әкеліп, жалын жақын орналасқан 2 қабатты ғимаратқа көшкен.
Өрт сөндірушілер жақын жерде тұрған бензині бар 20 тонналық резервуарды жоғары температурадан жарылуының алдын алу үшін сумен салқындата отырып, 360 шаршы метр аумақтағы өртті жойды, – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Оқиға салдарынан 1991 жылы туған ЖМҚС қызметкері ауырлығы орташа дәрежеде ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Қызылорда облысы ТЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!