Жұма, 22 қараша, 18:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жаңа автовокзалдың іргетасы қаланды

04.07.2023

735 0

Бүгін Қызылорда қаласының сол жағалауында жаңа автовокзал ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті.Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін заманауи нысан құрылысының басталуымен құттықтады.«Ел Президенті мен Үкіметтің жан-жақты қолдауының арқасында аймақта тың жобалар өркен жайып, жаңа нысандар салынуда. Оның ішінде, көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша да ауқымды жоспарымыз бар. Біз өткен жылдан бері аймағымыздың негізгі қақпасы саналатын әуежай, теміржол вокзалы, автовокзал инфрақұрылымын дамытуға басымдық бердік. Соның нәтижесінде әуежай алаңы жаңарып, жаңа автовокзалдың құрылысы басталуда. Осы жылдың наурыз айында ел ағаларымен бірге жерлесіміз Болат Өтемұратовтың қолдауымен құны 15 млрд. теңге болатын «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалының іргетасын қаладық. Бүгінде терминал құрылысы қарқынды жүруде. 2024 жылдың мамыр айында ел игілігіне табыстаймыз.Енді жолаушылар мен тасымалдаушыларға қызмет көрсететін, барлық стандарт талаптарына сәйкестендірілген заманауи үлгідегі жаңа автовокзал ғимаратының іргетасы қаланбақ. Бұл кешен жолаушыларға қызмет етіп, жол қатынасының реттелуіне негіз болады. Мұнда тек автовокзал ғана емес, ірі сауда және қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету орындары, қоймалар, автокөлік жөндеу цехтары да жұмыс істейді. Бәрі де жолаушыларға қолайлы, қауіпсіз әрі ыңғайлы болады», – деді аймақ басшысы.Рәсімде жерлестерін Жалағаш ауданы және Қызылорда қаласының құрметті азаматы Қожахмет Баймаханов құттықтап, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қорғанбек Қайруллаұлы бата берді.Жаңа автовокзал пайдалануға берілгеннен кейін барлығы 55 автобус маршруты (124 рейс) ұйымдастырылады. Мұнан бөлек, Ташкент қаласына 1 халықаралық рейс, 46 ауданаралық, Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Жібек жолы (Черняевка), Ақтөбе және тағы басқа қалаларға 8 маршрут жолға шығады. Нысан жаз мезгілінде күніне 3700-ден астам, қыста мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетуге ыңғайластырылып салынады. Құны 975 млн. теңгені құрайтын жаңа автовокзал құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, халық игілігіне қызмет етпек.Айта кетейік, аймақта жолаушылар тасымалының сапасы жылдан-жылға артуда. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолы қайта жаңғыртылып, аймақ экономикасының өркендеуіне оң ықпал етті. Көлік инфрақұрылымына деген сұраныс артқанын ескеріп, облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту үшін өткен жылы заманауи 150 жаңа автобус сатып алынды. Биыл да шаһардағы қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешу мақсатында қосымша 150 автобус әкелінбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: