Қызылорда облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің” республикалық мемлекеттік мекесінің ұйымдастыруымен Полиция департаментімен бірлесіп, Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бойымен «Жол бер!» акциясы өткізілді. Төтенше жағдайларға облыс көлемінде өрт сөндіру бөлімдері дабыл бойынша 776 рет шақыртуға шықты. Өкінішке орай, өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін 2адам қаза болып, 2 адам зардап шекті. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті нәтижесінде 5 адам құтқарылып, 51 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт шыққан жағдайда өрт сөндірушілер оқиға орнына кешікпей жедел жетуі тиіс. Ал, көлік кептелісі туындаған жағдайда жылдам жету мүмкін емес. Қаланың қарқынды қозғалысы жағдайында да бұл өте қиын. Құтқарушылардың оқиға орнына жылдам жетуі аса маңызды, адам өмірін құтқарып қалу үшін әр секунд қымбат. Сондықтан автокөліктің жүргізушілері жауапкершілікті сезініп, арнайы қызметтердің көліктерінің өтіп кетуіне ықпал етуі қажет. Сонымен бірге тұрғын үй аулаларында да жол беру мәселесі бар. Кейде көліктерді ретсіз қойса, кейде өрт сөндіру гидранттарының үстіне көлігін қойып кететін жағдайлар кезігеді. Акцияның мақсаты – шұғыл қызметтердің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге қоғамның назарын аудару, жүргізушілерге жолдағы өзара құрмет пен парасаттылық қағидаларын түсіндіру.
Қызылорда облысы ТЖД
“Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі” РММ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!