ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!
Ертең, 2022 жылғы 15 наурыздан бастап ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ ДАҢҒЫЛЫ (Арай-2 тұсынан және «Арай-Шұғыла» тұрғын ауданына Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылынан кіретін жол аралығы) ауыр жүк көліктерінің үздіксіз қатынауына орай, шамамен 1 ай мерзімге жабылатындығын хабарлаймыз.
ЖОЛДЫҢ ЖАБЫЛУ СЕБЕБІ:
Арай-3 тұрғын ауданындағы мектеп салу жоспарланып отырған сайда орналасқан жер учаскесін «Сырдария» өзені табанынан шыққан құммен толтыру жұмыстары жүргізіледі.
Сабалақ, Наурыз, әуежай жолында орналасқан саяжай тұрғындары үшін қала орталығына Эдельвейс саяжайы арқылы сол жағалаудағы жаңадан салынған магистралды жолмен қатынауды ұсынамыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!