Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қонысбекұлы журналистер қауымымен кездесті. Басқосуға аймақтағы тілшілер қатысып, саладағы кемшіліктер мен олқылықтарды талқылады.
Кездесуде Қаршыға Есімсейтова қаланың көшелеріне арналған арнайы бағдарлама ашылса, оған қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан қолдау болса, қаржы бөлінсе деген ұсыныс жасады
– Сарқырамаға су келді, сумен бірге тіршілік келді. Рақмет сіздерге, – деп Мұрат Жетпісбаев қала әкімшілігіне өз алғысын білдірді.
Одан бөлек, жиында Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Шакизада Әбдікәрімов «Қаламгерлер» кеңсесін ашу туралы өз ұсынысын білдірді. «Қызылордаға әдебиетшілер үйі керек», – деді ол жиында. Әзірге қаламгерлер кеңсесін Ә.Тәжібаев атындағы кітапхана ғимаратында орналастыру ұсынылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!