Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті – қала көркіне сән беріп, көпшілікке үздіксіз қызмет көрсетіп тұрған киелі нысанға айналды. Сәулеті келіскен мешіт 2008 жылдан бері қала жамағатына қызмет етіп келеді. Бір мезетте 2000-2500 адамға дейін құлшылық ете алатын Алла үйіне келетін жергілікті қала тұрғындары мен қонақтарының саны күн сайын көбейіп келеді. Бұл өз кезегінде мешіт тазалығынан бөлек, ауласы мен ішкі жайлығын, халыққа қолайлы жағын қамтамасыз етуді талап етеді. Осы орайда, Сыр өңірінің бас мешітіне біршама жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл туралы ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өңірдегі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мешіт ауласында тас кеспекшелері (брусчатка) мен жол жиектемелері (бордюр) ауыстырылып, қосымша автотұрақ жасалған. Сонымен қатар жаңадан жол төселген. Сондай-аққ жарық шамдары да орнатылып, мешіттің сыртқы келбеті де әсем жарық шамдарымен көмкерілген.
Киелі нысан, облыстық мешіттегі игі басталмаларды қолдап, келбетін әрлеуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге алтанаты аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы мен кәсіпкерлер қолдау білдіріп, демеушілік жасады.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!