Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорданың бас полицейі гарнизондық жиын өткізді (ФОТО)

25.09.2022

959 0

23 қыркүйек күні Қызылорда облысы ПД –ң Жергілікті полиция қызметі басқармасының алаңында полиция имиджін арттыру, жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігін тексеру мақсатында полицияның жеке құрамына жалпы гарнизондық қызметке тарату жүргізілді. 

Гарнизондық жиынды Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлы өткізді.  

Бөлініс құрамында департаменттің қызмет салаларынан,ҚР ІІМ ҰҰ №5547 әскери бөлімінің сарбаздарын және жеке күзет мекемелерінің қызметкерлерін қосқанда 11 қорапты құрады.

Департамент бастығы қызметкерлерде болуы тиіс қару-жарақ заттарының бар-жоғын, қызметке түсетін адамның  нысанды киім киюін, сыртқы келбеті жинақы және керек-жарағының ақаусыз болуын, автокөлік пен байланыс құралдарының техникалық жай-күйін тексерді. 

Қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін полиция қызметкерлеріне облыстағы жедел жағдайдың жай-күйі туралы жеткізілді, бағдарлармен таныстырылды. Сонымен қатар департамент бастығы жеке құрамға полицияның сервистік моделінің негізгі бағыттары туралы жеткізді, сондай-ақ саптық бөлімшелердің командирлеріне тапсырма берді.

Іс-шара соңында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер оркестрдің үнімен салтанатты маршпен жүріп өтіп, Қызылорда қаласының қоғамдық тәртібін қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кірісті.

                            Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: