Сейсенбі, 11 ақпан, 17:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11,2124
11.02.2025
PDF мұрағаты

Қызылжармада қарқынды тірлік көп

11.02.2025

24 0

Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

– Өткен жылы ауылдық округтің инфрақұрылымын дамытуда бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Мәселен, 6 көше күрделі жол жөндеуден өтсе, Сералиев пен Сексенбаев тұйықтарына тас төселіп, 3 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылды. Ал, қазір 22 көшеде электр желісін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 67 көшеге жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, республикалық бюджеттен 2025 жылға қаржыландыруға ұсынылды. Биыл атқарылатын жобалардың ішінде 4 көшені жарықтандыру, орталық көшелерге 3 дана аялдамалар орнату және ауылдық округтегі жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қамтылған, – деді ауылдық округ әкімі Шәріп Әкбарұлы. Жалпы, ауылдық округте 499 кәсіпкерлік нысан жұмыс істеуде. Кәсіпкерлікті дамытудың түрлі мемлекеттік бағдарламалары аясында 67 жоба мақұлданып, 314,7 млн.теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде, құны 20,7 млн. теңгені құрайтын 14 жоба мемлекеттік грантқа ие болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: