Сенбі, 23 қараша, 12:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Республика күні қалай тойланады?

24.10.2023

2005 0

25 қазан – Республика күні Сыр өңірінде түрлі ғылыми-танымдық, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов айтты.

– Биыл Ұлттық мереке – Республика күні облысымыздың 85 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуде. Мерейлі мерекеге «85 жылдыққа – 85 игі іс» жалпыхалықтық акциясы және де осы бағытта көптеген іс-шаралар жоспарланған. Сонымен қатар «Сыр елі» энциклопедиясы мен облыс тарихына арналған кітаптың тұсауы кесіледі.

Облыстың тарихы мен бүгініне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Бұл шаралар аймағымыздың тұрғындарына, оның ішінде, жастарымызға қайраткер ағаларымыздың еңбегін, бүгінгі жетістіктерімізді және алдағы міндеттерді бағамдай алуға септігін тигізеді.

Жылдың аяғына дейін қала және аудандарда түрлі әлеуметтік нысан, жол, көпір мен көпқабатты тұрғын үй және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінен бөлек балабақша мен дәрігерлік амбулаториялар секілді 60-қа жуық әлеуметтік нысан ашылып, ел игілігіне табысталады, – деді Шахмардан Байманов.

Одан бөлек мереке күнін жоғары деңгейде өткізу үшін дайындық жұмыстары қарқынды журуде. Жоспар бойынша облыс, қала және оған қарасты аудандарда мерекені кеңінен атап өту мақсатында арнайы іс- шара бекітілді. Олар қоғамдық-бұқаралық, мәдени- көпшілік, ғылыми-танымдық және спорттық бағыттарды қамтитынын жеткізді.

Қала және аудан орталықтарында мерекелік көрнекі безендірілуге ерекше мән беріліп, мерекелік концерт, мемлекеттік ту көтеру салтанатты шарасы мен жыр кештері және ақындар айтысымен қатар шешендер байқауы өтеді. Сондай-ақ әскери-спорттық сайыстар мен кездесу кештері және кітап көрмелері ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде зиялы қауым мен ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, сарапшылар кеңестері өткізілмек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: