Сенбі, 23 қараша, 05:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Саяжай тұрғындары сырт қалмайды

23.11.2024

75 0

Саяжай тұрғындары шет қалмайды. Қала әкімі Нұржан Ахатов «Ягодка» және «Пищевик» саяжайларының тұрғындарымен кездесті. Халықтың тыныс-тіршілігімен танысқан шаһар басшысы жұртшылықтың талап-тілегін тыңдады.

Кездесуде саяжайлықтар басты көшелерге тас төсеуді, аялдама мен жарық бағаналарын орнатуды, сондай-ақ электр желісін жаңартып, қо­ғамдық көліктердің жүруіне кедергі келтіретін ағаш бұтақтарын балақтау жұмыстарын жүргізуді сұрады.

– Мына талдардың барлығын электр сымына, автобустарға әсер етпейтіндей етіп кесіп, халыққа жағдай жасау керек. Сонымен қатар жолдарға қиыршық тас төсеу керек, ал бұрын төселгендерінің сыр берген тұстарын да реттеңіздер, – деп Нұржан Сәбитұлы тиісті мекемелерге тапсырма берді.

Тұрғындардың көтерген мәселе­лері бойынша Нұржан Сәбитұлы қажетті шаралар қолға алына­тындығын жеткізді. Жауапты сала басшыларына алдағы он күн ішінде қоғамдық көлік қатынайтын негізгі көшенің бойына 3 дана аялдама орнатуды, жарық бағаналарын орнатуды, жолға тас төсеуді тапсырды.

Айта кету керек, аумағы 92 гек­тар болатын «Ягодка» мен «Пищевикте» 1200-ге жуық халық тұрады. Тұрғындарды қаламен байла­ныстыратын қоғамдық көліктер күн­делікті қатынауда.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: