Бейсенбі, 07 тамыз, 12:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58, 2171
05.08.2025
PDF мұрағаты

Санитарлық талаптарды бұзғандарға айыппұл салынуда

07.08.2025

65 0

Қаланың эстетикасы мен тазалығын сақтау үшін әрбір тұрғын өз үлесін қосуы керек. Әсіресе, қоқыс тастау, заңсыз жарнамалар ілу немесе қоғамдық орындарды ластау сияқты әрекеттер қала бейнесін бұзып, тұрғындардың денсаулығына да зиян тигізуі мүмкін. Тазалық пен тәртіптің сақталуы – тек қала әкімдігінің емес, әрбір тұрғынның міндеті!

Қаланы таза ұстау мен оны абаттандыруға кез келген қала тұрғыны үлес қоса алады. Сондықтан қала әкімдігі жанындағы мобильді топ барлық тұрғындар мен кәсіпкерлердің жер учаскелері мен нысандардың айналасын таза ұстауын қадағалау бойынша рейд жүргізуде. Анықталғандай, қала көшелерінде, тұрғын үй, нысан жанына құрылыс материалдары мен қоқыстарды тастаған тұлғаларға әкімшілік хаттамалар толтырып, айыппұлдар салуда.

Бұған қатысты, Қызылорда облысы мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі №112 қаулысына сәйкес, барлық жеке және заңды тұлғалар үшін облыс аумағында абаттандыру қағидалары бекітілген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, тазалық талаптарын сақтамаған азаматтарға ескерту немесе айыппұл қарастырылған. Қағида талаптарына сәйкес әрбір тұрғын немесе кәсіпкер өз үйі мен нысанына іргелес аумақтың (үй алдындағы тротуар, жол жиегі, гүлзар, қоршау маңы) тазалығын қамтамасыз етуге, аумақтарда қоқыс тастауға, құрылыс қалдықтарын жинауға немесе санитарлық нормаларды бұзуға қатаң тыйым салынады.

Анығын айтқанда, төмендегідей әрекеттер қала көркін бұзу ретінде қарастырылады:

* Қоқыс тастау, қоқыс жинаудың дұрыс орындарын пайдаланбау.

* Қоғамдық орындарда темекі шегу немесе басқа да ластау әрекеттері.

* Заңсыз жарнамалар ілу, көше саудасын жасау.

* Қала аумағында көлік қою ережелерін бұзу.

Қала – біздің ортақ үйіміз. Оны сақтап, таза ұстап, көркем етіп көрсету – барлығымыздың парызымыз! Қаладағы тазалықты сақтау үшін қатаң шаралар қажет.

Санитарлық талаптарды бұзғандарға айыппұл салынуда

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: