Бейсенбі, 28 қараша, 08:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Сапалы өнім сұранысқа ие

14.09.2021

1242 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық экономиканың жетекші күші – шағын және орта кәсіпкерлік», – деп атап өткен болатын. Осы бағытта қала көлемінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша тиісті шаралар қабылданып, нәтижесінде қарқынды өсу көрсеткіштері қалыптасып келеді.

Жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлік нысандарының бірі – «Keremet–ET» сауда дүкені. Бұл дүкені облыс тұрғындарынан бөлек Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды қалаларын өз өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қала аумағында кәсіпкерлікті дамытуға үкімет және қала әкімдігі тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Мұндай жергілікті отандық өнімнің сапасы да жоғары. Осындай сауда орындарының көптеп салынуы – кәсіпкерлікке көрсетілген қолдаудың жемісті нәтижесі. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауына бірнеше рет қатысып, нәтижесінде қордың «басым жобаларға кредит беру тетігі» бағдарламасы бойынша қаржылық қолдау көрсетіліп, цех салу жобасын қолға алған. Биыл айналым қаражатын толықтыру үшін қаржыландыру кезінде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша субсидиялау және кепілдік беру құралдары арқылы өз жұмысын жандандырып отыр.

«Keremet–ET» сауда маркалы дүкені 2014 жылдан бастап нарықта зор сұранысқа ие. Жеке кәсіпкер Айдос Үсенұлының басшылығымен «Keremet–ET» сауда дүкені жартылай фабрикаттардың (фарш, тұшпара, тефтельдер және котлеттер) ірі өндірушісі ретінде жұмыс істеуде.

– 2014 жылы цех алғаш рет нарықтағы жұмысын бастады. Ол кезде небары 6-7 адаммен жұмыс жасап, тек фарш шығарумен айналысқан едік. 2017 жылдан бастап сауда нүктесінің аумағын кеңейтуді қолға алдық. Компания жабық қоймаларды, ең қуатты мұздатқыштарды пайдаланады. Жыл сайын дәстүрлі түрде жәрмеңкелерге шығып, өз өнімдерімізді халыққа төмендетілген бағамен ұсынып жатамыз. Алдағы уақытта кәсіп ауқымын кеңейту мақсатымыз бар, – дейді «Keremet–ET» сауда дүкенінің атқарушы директоры Ғазиза Тұрар.

Коронавируспен күрес жүріп жатқанда кәсіпкерлік саласы тұраламауы керек. Бұл біздің облысымызға да қатысты. Қызылорда қазір «сары» аймақта. Дегенмен карантиндік шектеулер болса да кәсіпкерлердің жұмыс жасауына барынша мүмкіндік беріліп отыр. Бұл ел әлеуетінің артуына зор қолдау.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: