Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі рейд жұмыстарын жалғастыруда. Мамандардың кезекті аралауында Әйтеке би көшесі, №5 Е мекенжайында салынып жатқан 3 қабатты сауда үйі құрылысында заңсыздықтар анықталды.
Яғни, аталған нысанның иесі бекітілген жобадан ауытқып, автотұрақ пен жолаушылар жолына дейін құрылысын кеңейткен. Бұл өз кезегінде көлік кептелістерін тудырып, жаяу жүргіншілердің жүруі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.
Бөлім тарапынан кәсіпкерге ескерту жасалып, заңға сәйкес тиісті шара қолдану үшін Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына ұсыным жолданды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!