«Aray City Mall” сауда-ойын-сауық орталығында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен қолөнер бұйымдары ұсынылған жәрмеңке өтті.
Оған қала әкімі Ғанибек Қазантаев, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев қатысып, жәрмеңке тауарларын аралап көрді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдары жәрмеңкесінде төсек-жабдық пен балалар киімдері қойылды. Сонымен қатар жергілікті бақша дақылдарынан өндірілген әртүрлі өнім түрлері сатылымға шықты.
Мұндай жәрмеңкенің маңызы зор деп есептеймін. Өйткені мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз еңбегімен жасалған бұйымдары көпшілікке кеңінен таныстырылады. Бұл ең біріншіден кәсіпкерлік саласын дамытудың дұрыс жолы. Қала әкімінің қолдауымен алдағы уақыттарда да дәстүрлі өткізіледі бермек. Мемлекет тарапынан ерекше қолдау бола беретінін баса атап өткім келеді,- дейді қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!