Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Шәрбат құйдым өлең – жыр кесесіне…»

23.01.2021

5405 0

          Қалалық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен А. С. Пушкин атындағы орталық кітапханада Сырдың сыршыл, арқалы ақыны Елубай Әуезовтің  «Шәрбат құйдым өлең – жыр кесесіне…» атты оқырмандармен кездесу кеші өтті.

       Кешті Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, республикалық әдеби – мәдени, тарихи – танымдық «Әлімсақ» журналының бас редакторы Н. Көбегенұлы ашып, жүргізіп отырды.

Жаны таза, өлеңге адал ақын есімі жыр сүйер қауымға нәзік иірімді назды лирикалық жырлардың авторы ретінде белгілі. Поэзияның жанды өзегі – бейнелі, сәулелі сөз десек, Елубай Әуезов өз өлеңдерінде аз сөзге көп ой, мағына сыйғызуға тырысатын ақын. Әр сөзді талдап, талғап барып қолданып, әрбір образда сөздің дәл, ықшам, әсерлі болуына күш салады.

    Сонымен қатар, ақынның журналистика саласындағы  өзіндік қолтаңбасы, ақындық болмысы, өзгелерден ерекшелеп тұратын адами болмысы жөнінде келген қонақтарымыз  ардагер журналист Тілеген Бекарыстанов, Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың директоры  Ерғазы Жарылқасынұлы, Қызылорда Құрылыс және Бизнес колледж директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ниякүл Нәбиқызы өз ойларымен бөлісті.

    Кеште ақынның өлеңдері және ақынға арнау өлеңдер оқылып, оқырмандар тарапынан сұрақтар қойылды. Өз кезегінде жаны ақындық қасиетке, әдебиетке деген құмарлық пен сүйіспеншілікке толы Елубай Әуезов өзінің сырлы сезімге толы бірнеше өлеңдерін оқып, сауалдарға жауап берді.

    Ақынның шығармашылығына арналған «Поэзия – менің өмірім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнебаян көрсетілді. 

   Шара соңында ақын кездесу кешіне қатысқан қонақтарға ыстық лебізін білдіріп, шығармашылығындағы кітаптарын шара қонақтарына табыс етті.

    Кездесу кешін қорытындылаған қалалық кітапханалар жүйесінің директоры Гүлмира Шамсутдинқызы Рахметова ақынға рухани азық алатын әсерлі кеш үшін зор алғысын білдіріп, сый-сияпат жасады.

«Шәрбат құйдым өлең – жыр кесесіне...»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: