Жұма, 27 желтоқсан, 10:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Шаһар басшысы қаладағы бірқатар мәселелерді назарға алды

05.07.2021

2442 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев шаһардағы бірқатар аумақтарға барып,  кезек күттірмейтін мәселелерді назарға алды.

Шаһар басшысы қаладағы бірқатар мәселелерді назарға алды

Қала әкімі мен бірге қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаевалдымен С.Есова көшесіндегі 7 жыл бұрын салынған футбол алаңына барды. 2014 жылы жергілікті бюджет есебінен С.Есова көшесі бұрынғы «Орленок» пионерлер лагері аумағына 1-санаттағы спорт алаңқайы салынып халық игілігіне берілген болатын.  Жалпы аумағы 2100 шаршы метрді құрайтын алаңға бүгінгі күні ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бұл ретте Ғанибек Қонысбекұлы алдағы уақытта түйткілдің түйіні тарқатыландығын жеткізді.

Одан әрі 1966 жылы салынған №5 емханаға барды. Мұндағы басты мәселелерді емхананың бас дәрігері Жақсылық Абдусаметов қала әкіміне баяндады.

Шаһар басшысы қаладағы бірқатар мәселелерді назарға алды

Жалпы көлемі 1485 шаршы метрді құрайтын №5 қалалық емханаға 36 651 тұрғын қарайды. Негізінен тұрғындарға көмек көрсету үшін, жалпы ғимараттың көлемі 7,5 шаршы метрден кем болмауы керек. Осыған байланысты 2022 жылы жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, 2023 жылы жаңа емхана салу жоспарланған болатын. Жоспарға сәйкес емхана құрылысын жүргізу үшін жер телімін бөлуді қажет етеді. Сондай-ақ Б.Момышұлы көшесінде екінші ғимаратында күндізгі емдеу бөлімі орналасқан. Осы екі ғимарат арасында тұрғындарға қатынау үшін көлік қатынасы қиындық  туғызуда. Өз кезегінде қала әкімі көтерілген  екі мәселені назарға алып, жұмыстар жүргізетіндігін жеткізді.

Келесі кезекте Титов тұрғын ауданындағы №30 үйдің жанында салынуы жоспарланған ауыз су ұңғымасын және Титов-9 көшесінің бойынан салынуы жоспарланған су алу құрылымының орындарын көрді.

Жалпы Титов тұрғын ауданы 3 дана ауыз су ұңғымалары мен Шыны зауытында орналасқан 2-ші су көтеру насосты станциясы арқылы ауыз сумен қамтамсыз етіледі. Қуаттылығы тәулігіне 3000м3 құрайды. Титов тұрғын ауданындағы ауыз су тапшылығын шешу мақсатында уақытша «Шыны зауыты» су алу құрылымынан бастап Қашаубаев көшесіне дейінгі аралыққа д-160мм, жалпы ұзындығы 1850 метр болатын ауыз су жүйесі жүргізіліп, бүгінде тәулігіне 1000-1200м3 су таратылуда.

Шаһар басшысы қаладағы бірқатар мәселелерді назарға алды

Қазіргі таңда, бұл ауданда көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және жеке тұрғын үй құрылыстары көптеп салынуына, сәйкесінше тұтынушылардың көбеюіне байланысты ауыз су тапшылығы орын алуда. Аталған мәселені шешу мақсатында, қалалық құрылыс бөлімі арқылы тұрғын ауданға тәулігіне 600м3 су беретін 3 ұңғыма бұрғылау құрылысын жүргізу үшін жоба сметалық құжаттары дайындалуда.

Ал, Гагарин тұрғын ауданы 2 дана ауыз су ұңғымалары мен қосымша қалалық орталықтандырылған ауыз су жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Жалпы қуаттылығы тәулігіне 2400м3құрайды.  Бұл тұрғын аудан бойынша да жеке тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және жеке тұрғын үй құрылыстары көптеп салынуына, сәйкесінше тұтынушылардың көбеюіне байланысты ауыз су тапшылығы орын алуда. Сондай-ақ, «Орленок» №1 ұңғымасының тереңдігі 70 метр болатын Қызылорда кен орнының ауыз су сапасының нашарлығынан осы аудан тұтынушыларының наразылығы туындауда.

Шаһар басшысы қаладағы бірқатар мәселелерді назарға алды

Осыған орай, Титов, Гагарин тұрғын аудандарының халқын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Титов» кешенді су алу құрылымының құрылысын, яғни 2-ші су көтеру насосты станциясы, 2 дана таза су резервуары, 6 дана ұңғыма жүргізу үшін 3 га жер бөлініп, құжаттары рәсімделуде. Ғанибек Қонысбекұлы сала басшыларына бұл аймақтардағы жұмыстарды күшейтуді жүктеді.

Қала әкім одан кейін ұзындығы – 0,8 км болатын Рүстембеков көшесіне жүргізілген орташа жол жөндеу жұмыстарын және түнгі жарық бағаналарын көрді.

Аралау барысында бұл жұмыстардың барлығына одан әрі жандандыру мақсатында жауаптыларға бірқатар міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: