Дүйсенбі, 18 қараша, 05:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Шаһар шырайы артып келеді

16.02.2021

7668 0

Кеше қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжановтың қатысуымен баспасөз туры ұйымдастырылды.

–  Облыс орталығы жыл өткен сайын жаңарып, даму динамика­сы артып келеді. Шаһар шырайы саналатын демалыс орындары заманауи келбетке сай жаңғыртылып жатыр. Сонымен қатар жол жөндеу жұмыстары да қарқынды іске асуда. Мұның барлығы тәуелсіздігіміздің арқасы деп білу керек, – дейді қала әкімінің орынбасары.

Түрленген «Темір жол паркі»

Жә, сонымен біз аялдаған алғашқы нысан қайта жаңғыртудан өткен «Темір жол паркі». Қала әкімінің орынбасары көпшілік шоғырланатын демалыс орнының ашылу рәсіміне қатысты. «Халық сұранысына сәйкес осы орталықты жаңадан жандандырып жатырмыз. Енді ел игілігі үшін қызмет жасайды деп сенеміз. Бұл тарихи орында жерлестеріміздің барынша жақсы демалуына жағдай жасалған. «Темір жол паркінің» түрленген екінші ғұмыры басталды деуге болады» деп атап өтті Асқарбек Темірбекұлы.

– Осы орталықты жөндеуде сапаға баса мән берілді. Бұрынғы көне ескерткіштердің орнына жаңа сәулеті мен сәні келіскен балалар ойын алаңы бой көтерді. Самаладай жарық шамдар қойылды. 180 орындық  пен қоқыс жәшіктері орнатылды. Енді кез келген кезеңде келіп қыдыруға болады. Қала қонақтары мен тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп сенемін. Жасалған жұмыстың бағасын халық береді. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың қараша айында басталып, желтоқсан айында аяқталды. Қала көркіне көрік қосылды. Туған жеріміздің өркендеу жолында өз қолтаңбамыздың қалғаны біз үшін үлкен мәртебе, – дейді «Асанас-ДАР» ЖШС бөлімше бастығы Жақсылық Елубай.

Жүзге жуық жарық шам…

Жол жөндеу жұмыстары өткен жылы қарқынды жүрген болатын. Сол игі бастама биыл да жалғасын тауып келеді.

Баспасөз туры барысында Әйтеке би көшесіне жүргізіліп жатқан жұмыстарды көріп, көңіл құсы көкке шарықтады. Бұл көше қала орталығы болғандықтан мұнда мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік нысандар орналасқан. Осы көше бойына жүзге жуық жарық шам қойылып, 69 орындық орнатылады деп күтілуде. Ең өзекті саналатын жол жөндеу жұмыстары Ы.Жақаев көшесінде де қарқынды жүзеге асырылып келеді. Осылайша облыс орталығындағы абаттандыру жұмыстары аймақ ажарының әрін келтіріп, сәнін кіргізуде.

Сыр спортының сәні                  

Сыр өңірінің серпінді саласының бі­рі – спорт. Ал қызылордалықтар үшін Ғани Мұратбаев атындағы спорт кешенінің жөні бөлек. Себебі біздегі аяқдопшылар жарысы осында өтетіні әмбеге аян.

Орталық стадион алдына да кеспетас төсеу жұмысы жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, құрылысқа қажетті төсеніш тастар Алматы қаласынан әкелініп жатыр. Отандық өнімнің сапасы берік болатын көрінеді. Жұмыстар наурыз айына дейін толыққанды аяқталады деп жоспарлануда. Құрылыс алаңында 60 адам жұмыс жасауда. Қажетті техникалармен қамтамасыз етілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: