Дүйсенбі, 25 қараша, 16:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Шешендік сөз – ұлттық тәрбие

09.12.2022

1727 0

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхананың ұйымдастыруымен Қазыбек бидің 355 жылдығына байланысты «Сөз серкесі – шешендік» атты тарихи танымдық кеш өткізілді.

Аталған шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы, сонымен бірге «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің» тарих пәнінің ұстаздары қатысып, Қазыбек бидің өмірі мен атқарған қызметтеріне байланысты үлкен мағлұматтар берді. Шараға 8 «j» сыныбының оқушылары белсене қатысып, Қазыбек бидің өлеңдерін оқып, шешендік сөздерінен көрініс қойды.

Шешендік сөз – ұлттық тәрбие

Бұл шараның мақсаты Қаз дауысты Қазыбек бидің қазақ халқының бірлігін сақтауда, елін жерін қорғаудағы атқарған жұмыстары, бүгінге дейін жеткен шешендік сөздерін өскелең ұрпаққа насихаттау. Елінің өткен тарихын білу, сонымен мақтану – әрбір ұлжанды ұрпақтың парызы екендігін ұғындыру. Қазаққа берілген шешендік сөз – ол ұлттық тәрбие.

Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Жүзі арғын тайпасының қаракесек руына кіретін Болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге белгілі әділ билер болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: