Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Шет аймақ шет қалмайды

18.05.2021

4912 0

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев «өзім барып көремін» деген ұстанымын берік ұстанып, қаланың жаңа ауданы «Бәйтерекке» барды. Шаһар басшысы бірқатар мәселе бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясын бақылап, тиісті сала мамандарына тапсырма берді.

Негізінен бұл аудан осыдан 5 жыл бұрын ашылған және осы кезге дейін 6 мыңнан аса отбасына арналған 1 мың 400-ге жуық үй құрылысы жүргізілген. Жаңа ауданға қоныстанған тұрғындар сұраныстарының ішіндегі ең бастысы – «Бәйтеректі» қаламен байланыстыратын көпір салу еді. Тұрғындардың сұранысына құлақ асқан әкімдік бүгінде Достық көшесі тұсынан Қызылжарма су арнасы арқылы өтетін автомобиль көпірінің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр-мыс.

Қызметтік аралау барысында қала әкімі көпір түсетін аумаққа тоқтап: «Жаңа көпір тұрғындардың сұранысын қанағаттандырумен қатар қоғамдық көлік мәселесін де оңтайлы шешуге өз септігін тигізбек. Көпір құрылысы аяқталса тұрғын ауданға қосымша қоғамдық көлік бағытталады», – деді. Одан бөлек «Бәйтерек» шағын ауданының негізгі 3 көшесіне асфальт төселеді деген қала басшысы тұрғындарды тағы бір қуантты.

Қала басшысы шағын аудандағы бірқатар көшеге инфрақұрылым жүйеле­рінің жер учаскелерінің үстімен қабаттаса жүргізілу мәселесіне назар аударды. Қала әкімдігі игеруге мүмкіндік жоқ жер учаскелерін иелерінің өтініші арқылы «Бәйтерек» мөлтек ауданының басқа аумағына ауыстыруда. Бірақ мұндай жерлерге құрылыс жұмысын жүргізіп қойған азаматтардың жағдайы біршама қиындық туғызып жатыр.

Соған сай қала басшысы жауаптыларға инфрақұрылым талапқа сай жүргізілмеген жер учаскелерінен инфрақұрылымды көшіру жұмыстарын тез арада жүргізуді жүктеді.

Әкім «Бәйтеректің» 600 баласына арнап салынып жатқан мектепке де барды. Жол картасы аясында бой көтеріп жатқан болашақ білім ордасының құрылысын бақылап, мектеп құрылысы біткенше жауапты мамандарға кейбір мәселелерді реттеп қоюды тапсырды. Оның ішінде қоғамдық көлік пен қосымша балалар тасымалына арнайы автокөліктер қарастыру жүктелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: