Сейсенбі, 24 желтоқсан, 07:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Шиеліде жылу электр орталығы салынбақ

30.05.2023

500 0

Облыс әкімінің міндетін атқарушы Серік Қожаниязов тиісті сала басшыларымен өткен мәжілісте биыл жоспар бойынша 424,2 млрд теңге инвестиция тарту керектігін айтты.

Аймақта белгіленген меже бойынша соңғы төрт айда инвес­тиция тарту көлемі 136,8%-ға орындалып, Сыр өңірі республика бойынша алдыңғы қатарға шыққан. Былтыр да Сыр өңірі бұл бағытта жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, бірінші орынға шыққан еді. Осы қарқыннан таймау биыл да міндеттелмек.

– Премьер-Министр өткен жылғы өңірге іссапары кезінде құны 1 млрд. теңгеден асатын 5-6 жобаны іске асыруды тапсырды. Сәуір айындағы актив отырысында облыс әкімі қала әкіміне 1 млрд теңгеден асатын 1 жобаны, әр ауданның әкіміне 500 млн теңгеден асатын 2 жобаны биыл іске қосуды тапсырған болатын. Оның орындалуы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген жалпы­ұлттық жобалар пулы аясында бақы­ланады, – деді Серік Салауатұлы.

Мәжілісте әр жоба жеке бақылауға алынатындығы айтылды. Сондай-ақ туындаған мәселелер қолданыстағы заңнама аясында шешілуі керек. Осы орайда облыс әкімінің міндетін атқарушы Серік Қожаниязов облыс­тық энергетика және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық басқарма­сына Қызылорда қаласы және Шиелі ауданы әкімдіктерімен бірлесіп, жаңа жылу электр орталығының құрылысын бастауды тапсырды. Бұл ретте Шиелі ауданындағы күн электр станциясына қажетті жер телімін алуға сүйемелдеу жасау жүктелді.

А.СЕЙІЛ

Сурет: Егемен Қазақстан

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: