Дүйсенбі, 05 мамыр, 15:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32,2145
03.05.2025
PDF мұрағаты

Шығармашылық орталық жақын күндері пайдалануға беріледі

05.05.2025

25 0

Қызылорда қаласындағы Инновациялық орталық 500 орынға арналған, оның ішінде 68 орындық бассейн (үлкен 25х12 және кіші 10х5 өлшемдегі 2 бассейн), топтық жаттығу бөлмесі 18 орындық (көркем гимнастика, балдық би, халық биі, латын-америка билері, йога) қарастырылған, 20 орындық фитнес зал, үстел ойындары кабинеті (шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, асық, домино), 2 жекпе-жек залдары (күрес, дзюдо, грек-рим күресі, бокс, таэквондо, каратэ), 4 үстелді теннисі залы қарастырылған.

Әр залда ұлдар және қыздардың киім ауыстыру бөлмесі бар. Көркемдік және эстетикалық тобына жататын кабинеттер: өнер бөлмесі (кескіндеме, сурет салу, резин.арт), балалар шығармашылық шеберханасы (керамика негіздері, мүсіндер, қыш өнері), сәндік-қолданбалы өнер бөлмесі (кесу негіздері, тігін негіздері, киімді модельдеу, қолөнер, жас дизайнер), FabLab кабинеті (ағаш өңдеу, зымырындық инженерия, авиамодель жасау), дыбыс жазу кабинеті, робот жасау және жасанды интелекет кабинеті, биотехникалық лаборатория, 3Д модельдеу, КИП және автоматтандыру (механикалық системаларды оқу және программалау), киберспорт және математика кабинеттері қарастырылған.

Орталықта балаларға спорттық сауықтыру, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, тарихи-өлкетану бағыттарында қызмет көрсетіледі. Бұдан бөлек, волейбол, баскетбол, футбол, воркаут алаңдары, соңғы үлгідегі бассейн қарастырылған. Сондай-ақ, мұнда оқушылардың білімін жетілдіріп, ғылыми жұмыстармен айналысуына мүмкіндік болады.

Шығармашылық-инновациялық орталықты «Bi Global» серіктестігі салуда. Жалпы ауданы 3820,43 шаршы метрлік ғимараттың бас жобалаушысы «TEHNIKALIQ BAQILAU», техникалық қадағалаушысы «Алатау Сапа Құрылыс» серіктестіктері. Айта кету керек, шығармашылық орталық жақын күндері пайдалануға беріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: