Үлкенге құрмет, ерлікке тағзым – қазақтың қанына сіңген асыл қасиет. Осыны тіршілігіне ұстын еткен қызылордалықтар ардагерлерін ардақ тұтып, құрмет көрсетті.
Акция 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов бастаған топ мүшелері бірқатар тыл ардагерлері мен облыстық ҚХА құрылымдарының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Үй-үйлерді аралап, құттықтау хат табыстады. Тәттіге толы себеттер таратты.
Ұрпағының болашағын ойлап, елінің бейбіт тіршілігі үшін ерен еңбек еткен ардагерлер көрсетілген сый-құрмет үшін алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.
Бүгінгі қоғамды отаншылдық рухта тәрбиелеуге, рухани құндылықтарды насихаттауға, ардагерлердің ерліктеріне сыйластық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған бастаманың әлі де өз жалғасын табатыны сөзсіз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!