Қалада ауызсу сапасына байланысты мәселе бар екенін Қызылорда қаласының әкімі жасырмады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация орталығы алаңында БАҚ өкілдеріне берген брифингте айтты.
– Ауызсуға байланысты мәселе жоқ емес. Бүгінгі күнге дейін қаладағы «Арай» шағын ауданының тұрғындары су сапасына байланысты жиі шағымданатын. «Су сап-сары немесе «Coca-Cola» сияқты су ішеміз» деп жиі мәселе көтеретін. Мұның себебін анықтау үшін көп іздендік. Алматы қаласынан арнайы мамандар шақырттық. Алдағы уақытта бұл мәселе шешімін табатын болады, – деді қала әкімі Серік Қожаниязов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!