Жұма, 27 желтоқсан, 10:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Медиаторлар кеңесінің отырысы өтті

12.04.2023

960 0

Достық үйінің мәжіліс залында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен облыстық медиаторлар кеңесінің отырысы өтті. Медиацияны халық арасында ілгерілету мақсатын көздеген шараға «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиал басшысы, облыстық ҚХА жанындағы «Медиаторлар кеңесінің» төрағасы Ләззат Бақтыбаева және облыстық медиаторлар кеңесінің мүшелері қатысты.

Отырыс модераторы «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиал басшысы, облыстық ҚХА жанындағы «Медиаторлар кеңесінің» төрағасы Ләззат Бақтыбаева шараның негізгі мақсатына тоқталды. Өңірдегі медиация саласына қатысты туындаған өзекті мәселелерді талқылау, ауқымдылығына қарай шешімін қарастыру, түйіні шешуге келмесе жоғары лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдарға жеткізу керектігін айтып өтті.

Облыстық ҚХА жанындағы Медиация кабинетінің жетекшісі Шахизат Абдраманова 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Жыл көлемінде медиация институтын насихаттауға бағытталған барлығы 86 түрлі форматты кездесулер, дөңгелек үстел отырыстары, оқыту семинарлары мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылса, аталмыш шараларға 1300-ге жуық тұрғын қамтылды. Облыс бойынша медиаторлардың көмегімен  60 өтініш бойынша келісім орнатылып, дауласушы тараптар ымыраға келді», – деді.

ҚХА қызметінің аясында медиация институтын дамыту арқылы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бағытындағы шаралары көрініс тапқан бейнеролик көрсетілімі болды. Сондай-ақ, медиацияны ілгерлету бағытында өзге де кеңес белсенділерінің хабарламалары тыңдалды. 

Келелі басқосуда ұйымдастырушылар тарапынан кеңес құрамына облыстық сот, прокуратура, ішкі істер органдарынан арнайы мамандар қосу туралы ұсыныс айтылды. Кеңес мүшелерімен келісілген жаңа жұмыс жоспары бекітілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: