Жұма, 22 қараша, 02:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қарауылтөбе: Баянды тірлік – береке бастауы

28.11.2022

1108 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ант қабылдау рәсімінде ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоды.

– Қазір – сайлаудағы жеңісті тойлайтын кез емес, аянбай еңбек ететін кез. Сол себепті, арқаны кеңге салмай, бірден іске кірісуіміз керек, босаңсуға болмайды. Осы орайда, ең алдымен қолға алатын бірнеше мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Президентті ұлықтау рәсімінде.

Қарауылтөбе: Баянды тірлік – береке бастауы

Президент осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырғанын айтты.

– Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз», – деді Қ. Тоқаев.

Расында, ауыл мен дәстүріміз бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Әрбір қазақ ауыл десе елеңдейтіні шындық. Негізінде ата-бабамыз ауылда еңбек етіп, ауылдан тарап өрбіп-өскен. Бір сөзбен айтқанда, қазақ үшін ауыл – алтын бесік, қасиетті мекен. «Ауыл» деген сөзді естігенде менің өн бойымда қуаныш кернейді. Өйткені, ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан ақ мол болады.

Қарауылтөбе: Баянды тірлік – береке бастауы

Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округі жылдан жылға дамып келе жатқан ауылдың бірі. Бүгінде қалаға жақын орналасқан округ тұрғындарының көңілі тоқ. Себебі, жыл сайын бұл ауылдың инфрақұрылымы жақсарып келеді.

Қарауылтөбе ауылдық округте «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында қалалық бюджеттен 1 млн. 500 мың теңгеге Байсейітов көшесінің аяқ жағының 400 метр жеріне 9 дана түнгі жарық шамы бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ауылдық округте 150 орындық клуб құрылысын жүргізу үшін «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 274,4 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «Өмірзақ» ЖШС-гі жеңімпаз атанды. Қазіргі кезде аталған мекеме  құрылыс жұмыстары жүргізуде.  Округ аумағында орналасқан жалпы көлемі 600 ш/м болатын «Әбдіхалық» бейітін қоршау жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, 10,1 млн.  теңгеге «ОрдаМегаСтрой» ЖШС-мен қоршау жұмыстары аяқталды.

Қарауылтөбеде жыл басынан бері жағымды жаңалықтар легі көп. Мәселен, округтегі жаңа қоныстанушы аумағындағы жалпы ұзындығы 9,5 шақырым болатын 12 көшеге  қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық құрылыс бөлімі арқылы жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қортындысы алынып, тиісті мекемеге қаржылық өтінім жолданды.  Ауылдың  кіре-беріс жолдың бойындағы R-1 каналының арғы бетінде тұратын тұрғындарға жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы үшін, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы  жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қортындысы алынды. Сондай-ақ, округтегі жаңа қоныс аумағына және ауыл орталығындағы жаңадан ашылған көшелерге электр желілері мен бағаналарын орнату үшін  қалалық құрылыс бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз атанған «Элком» ЖШС-гі  2022-2023 ж.ж. ауыспалы негізде құрылыс  жұмыстарын жүргізуді бастады.

Қарауылтөбе: Баянды тірлік – береке бастауы

Ерекше айта кету керек, биыл «Балалар  жылы» аясында «Строй модуль Астана» ЖШС-нің демеушілігімен жалпы құны 17,5 млн. тенге болатын ойын алаңы  (дене шынықтыру,  футбол және балалар ойын алаңы) салынып, қолданысқа берілді. Сонымен қатар, округтегі жаңа қоныс аумағындағы жолдың бойына ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен  1 дана аялдама орнатылды.

Бүгінде округте жалпы 110 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Ал жыл басынан бері  округте барлығы 15 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп,  17 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, «Іскер» бағдарламасы аясында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 16,5 млн. теңгеге 3 жоба, «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында «Өңірлік инвестициялық орталық» микроқаржы ұйымы арқылы 5  млн. теңгеге 1 жоба, «Еңбек» бағдарламасы аясында жалпы көлемі 17,2 млн. теңгені құрайтын мемлекеттік грантқа 14 тұрғын ие болды.

Қазіргі кезде Қарауылтөбе ауылдық округінің 6806 гектарды құрайтын жалпы жер көлемінің 4957 гектар аумағы «Ы. Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-гі (бұдан әрі – Институт) өтеулі жер пайдалану құқығымен ұзақ мерзімге жалға алып, бүгінде егін шаруашылығымен айналысып келеді.

Қарауылтөбе: Баянды тірлік – береке бастауы

Осы жылы Институт тарапынан барлығы 1078 гектар жерге
646 гектар күріш, 40 гектар бидай, 5 гектар арпа, 126 гектар сорго (қант құмайы), 40 гектар мақсары, 215 гектар жаңа жоңышқа және 3 гектар бақша,
 3 гектар қызанақ дақылдары егілді. Бұдан басқа, 365 гектар ескі жоңышқа дақылы бар.

Айта кету керек, институт және ауылдық округ әкімі аппараты арасында
5000 гектарға жуық жайылымдық және шабындық алқаптарды және егін науқанында орылған бүркемелі егіс пен күріш алқаптарын кезең-кезеңімен ауыл тұрғындарының малдарына жайылымдық үшін босатып беруге өзара меморандум қабылданды.

Сонымен қатар, Институт есебінен биылғы жылы жер жырту, қарықтау жұмыстары жүргізіліп, ауыл, қала тұрғындарына 10 гектар
бау-бақшалық танап дайындалып, 58 отбасы көкеніс дақылдарын егіп (картоп, қауын-қарбыз, асқабақ, т.б.) өнімін жинап алды. Бүгінде округ бойынша 2728бас ауылшаруашылық малдары тіркелген.

Биылғы жылы ауылдағы тұрмыс деңгейі аз қамтылған 52 отбасына атаулы әлеуметтік көмек (АСП) тағайындалып, жалпы сомасы
21млн. 921 мың теңге қаржылай қолдау көрсетілді. Қайырымдылық акциялары аясында «Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-гі, жеке кәсіпкерлер, ауыл жастары мен ауыл мешіті тарапынан тұрмысы төмен отбасыларына азық-түліктей қолдау шаралары ұйымдастырылды.

Округтегі А.Хангелдин атындағы №179 орта мектепте
505 оқушы, мектеп алды даярлық сыныбында – 40 бала және мектеп жанындағы «Нұр-бөбек» шағын орталығындағы 2 топта 40 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Қарауылтөбе ауылдық округінің клуб  құрамында 64 өнерпаз бар. Сондай-ақ ауыл бүлдіршіндеріне 5 үйірме жұмыс жасауда. Осы жылы аталған өнерпаздар өз өнерлерін көптеген сайыстарда, іс-шараларда, салтанатты кештер мен мейрамдарда көрсете отырып, жүлделі орындарға ие болуда. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: