Сейсенбі, 24 желтоқсан, 10:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Дін істері басқармасы медиаконтент жұмыстарына баса назар аударуда

19.07.2024

606 0

Қазірде дін басқармасының әлеуметтік желідегі медиа маркетингі қарқынды жұмыс жасауда. Бұл басқарманың негізгі артықшылығы деп білеміз. Түрлі подкасттар мен бағдарламалар басқарманың жұмысын жүйеледі.

– Айта кету керек, студияның мүмкіндіктерімен әлеуметтік желілерде жастарға арналған «Оңай» подкаст жобасы, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Сіз не дейсіз?», әйел жамағатына арналған «Айнамкөз», мәдениет және қоғам қайраткерлерінің еңбектері мен өзге де мәселелерді қамтитын «Баға Like», республикалық және өңірлік ақпараттық-түсіндіру топ өкілдерімен сұхбаттар жүргізуге арналған «Кезекті сұхбат» бағдарламаларының таралымы кеңейтілді. Әлеуметтік желілердегі парақшаларға тіркелушілердің саны жыл басынан бері 6 120 адамға артты. Сонымен қатар, басқарма және орталық мамандарымен «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне күмәнді деп танылған 1 158 сілтеме енгізілді. Нәтижесімен бұл сілтемелерді жабу жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Дін істері комитеті жанында «Контр» қарсынасихаттық материалдарды енгізу порталы бар. Бүгінде оған 102 материал салынып, 92-і мақұлданды ,- деді Дінмұхаммед Жандарбекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: