Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тәуекелдер картасы сыбайластыққа жол бермейді

21.02.2023

1344 0

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өткен жылы департамент 4 сыртқы талдау және 12 мониторинг жүргізген. Нәтижесінде 162 ұсыныс енгізіліп, оның 85%-ы жүзеге асты. Бүгінде аталған департамент «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы» негізінде жұмыс істеуде.

Былтыр департамент өндірісінде 85 қылмыстық іс болды. Оның 71-і сотқа жолданып, 39 тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыстары әшкереленген. Осы және өзгеде ақпараттар туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов мәлімдеді.

Ол картаға рәсімдердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілерге және мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамауына байланысты халық пен бизнесті толғандыратын көкейтесті мәселелер енгізілген.  Мәселен, ауыл шаруашылығы, жер, жол және инфрақұрылым, олигополиялар, білім беру және кәсіпкерлік саласы.

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінде еңбекақы төлеу және кәсіпкерлік мақсатында жер бөліп беру салаларында 2 сыртқы талдау  жүргізуде. Ауыл шарушылық саласын субсидиялауға байланысты былтырғы жылы 1 көп эпизодты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жолданған.

– Өңірдің орта білім беру ұйымдарында аса ірі мөлшерде, жалпы 550 млн теңгеге жуық мемлекет қаражаттарын жымқыру деректері анықталып, бүгінгі күні 12 қылмыстық іске тергеу жұмыстары жүргізілуде. Кез келген салада қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында департамент өз қызметінде жаңа тәсілдерді қолдануда. Негізгі мақсат – қылмыстың жасалғанын немесе мемлекет қаржысы ұрланғанын күтпей, керісінше оларды болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдау. Бастысы бюджет есебінен салынып жатқан объектілердің сапалы тұрғызылып, белгіленген мерзімде тапсырылуы, – деді департамент басшысы Ернар Әбсейітұлы.

Мәселен, «Артспорт» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатысатын балалардың санын нақтылау нәтижесінде республикалық бюджет қаржысы үнемделді.

Айта кету керек, облыс тұрғыны облыстық жер қатынастары басқармасы басшысы орынбасарының алаяқтық жолмен екі миллион теңгені иемдену дерегін жеткізгені үшін 215 мың теңге алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаментінің басшысы Ернар Мақажановтың айтуынша, шенеунік жер телімін алуға көмектесу үшін жеке тұлғадан екі миллион теңге талап еткен.

– Тұрғынның шенеуніктің заңсыз әрекеті туралы хабарламасының арқасында сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойылды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сот қылмыскерді кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды», – деді Ернар Мақажанов.

Өткен жылы облыс бойынша барлығы 10 адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсеткені үшін ынталандыру алған. Сыйақының көлемі екі миллион теңгеден асады.

Аружан МЫҢБАЙ,

Қорқыт ата атындағы КУ 4 курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: