Сенбі, 21 желтоқсан, 21:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Үйлер жаңарып, көшелер кеңейеді

09.01.2024

758 0

Сурет: Қызылорда қаласының әкімдігі

Былтыр қалада біраз жұмыс атқарылды. Нәтижелі жұмыс биыл да жалғасы биыл да жалғасады. Қала әкімі Асылбек Шәменов шаһардағы бірнеше нысанды аралап, жұмыс барысымен танысып, нақты тапсырма берді.

Облыс әкімінің тікелей қолдауымен халықтың сұранысына сай мақсатты жобалар сәтті жүзеге асуда. Сондай маңызды жұмыстардың бірі – Е.Көшербаев көшесінде де атқарылады. Яғни Бейбарыс Сұлтан көшесі мен Астана даңғылының аралығын байланыстыратын Е.Көшербаев көшесі 4 жолаққа кеңейтіліп, аяқсу жүйелері ауыстырылады. Жарық шамдары жаңаланып, жаяу жүргіншілер жолы түседі. Жоба құны – 434,4 млн теңге. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 133,2 млн теңге бөлініп отыр.

Яссауи көшесі қайта түрленеді

Қалалық қоғамдық даму бөлімінің мәліметі бойынша, биыл облыс әкімінің қолдауымен қалада ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Соның бірі – Қожа Ахмет Яссауи көшесін қайта жаңғырту. Яғни ұзындығы 3 шақырымға жуықтайтын көше 4 жолақты болып кеңейтіледі. Жаяу жүргіншілер жолы түсіп, толығымен жарықтандырылады. Жоба құны – 3 млрд теңге. Бұл жұмыстардың басталуына республикалық бюджеттен 300 млн теңге бөлініп отыр.

Мамандардың айтуынша, жоспар бойынша қайта жаңғырту жұмысы күз айларына дейін аяқталуы тиіс. Мердігер мекеме – «Қыран» ЖШС бүгінде дайындық шараларын бастап та кеткен. Маңызы зор жобаның жай-жапсарымен танысқан қала әкімі компания өкілдеріне құрылысқа қажетті материалдардың сапалы, атқарылатын жұмыстардың тиянақты болуын тапсырып, жауапты сала жетекшілеріне күнделікті бақылап отыруды міндеттеді. Айта кету керек, қайта жаңғыртудан өтетін көшенің бойын абаттандыруға қосымша жоба әзірленуде.

Жаңа көше салынады

Бұл жаңа көше қос даңғылды байланыстырмақ. Яғни Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылына дейінгі аралыққа да жол түседі. Жобаның мақсаты – қала орталығында көлік кептелістерін азайтып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Жоба құны – 570 млн теңге.

Осыған байланысты облыс әкімінің қолдауымен республикалық бюджеттен 200 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыс басталды. Көше екі жолақтыға лайықталған, жарықтандыру мен жаяу жүргіншілер жолы қатар жүргізіледі. Мердігер мекеме «Қыран» ЖШС жобаны қыркүйек айында аяқтауды жоспарлауда.

– Биыл қала көшелерін кеңейіп, жөндеу жұмысы қолға алынады. Басты талап – әрбір көше бойынша атқарылған жұмыс барысын сапалы жасау, уақытылы аяқтау, – деп тапсырды қала басшысы.

Ескеретін жайт, жаңа жолды жобалау барысында көше бойындағы тұрғын үйлер мен нысандарға кедергі келтірмеу, тұрғындарға қолайсыздық туындатпау жайлары түбегейлі зерделенген.

Жаппасбай батыр көшесі жаңа кейіпке енеді

Облыс әкімінің қолдауымен қалаға кіреберіс барлық күре жол кеңейтіліп, көлік қозғалысын реттеу қолға алынуда. Осындай маңызды жобаның бірі – Жаппасбай батыр көшесін қайта жаңғырту. Осыған орай 3,2 млрд теңгеге жоба әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылады.

Жолдың аспалы көпірден бастап, Қорқыт ата көшесіне дейінгі аралығы 3,3 шақырымды құрайды. Жоба бойынша көше 4 жолаққа ауыстырылады. Сонымен қатар жарықтандырылып, жаңа аялдамалар орнатылып, заманауи бағдаршамдар қойылады.

Бұл орайда қала әкімі көшенің екі бетінде көпқабатты тұрғын үйлер мен білім беру ұйымдарының орналасуына байланысты балалардың жолдан өту қауіпсіздігіне баса назар аударып, жобалаушы мекеме «КБ Мұнай Инжиниринг» компаниясының жетекшілеріне жобаны қайта қарауды тапсырды.

«Қызылорда-Құмкөл» автожолы кеңейеді

Бұған дейін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының теңгерімінде болған «Қызылорда-Құмкөл» автожолы қаланың еншісіне өткені белгілі. Осыған орай аймақ басшысының бастамасымен, демеушілердің көмегімен үлкен жолды қайта жаңғыртуға арнайы жоба әзірленуде.

Аспалы көпірден бастап Жезқазған тас жолына дейінгі аралығы 11 шақырымды құрайтын жолды қайта жаңғырту жобасы жақын күндері басталады. Құны 2,4 млрд теңгені құрайтын жол 4 жолақтыға айналады. Сонымен бірге Бәйтерек тұрғын ауданымен шектесетін көше қиылыстары, аспалы көпір де жаңаланады.

Қала әкімі жобалаушы компанияға бұл жолдың халық үшін маңызын ескеріп, жобалау барысында кемшіліктерге жол бермеуді тапсырды.

Көлік қозғалысы реттеледі

Облыс әкімінің тікелей қолдауымен халықтың сұранысына сай мақсатты жобалар сәтті жүзеге асуда. Сондай маңызды жұмыстардың бірі – Е.Көшербаев көшесінде де атқарылады. Яғни Бейбарыс Сұлтан көшесі мен Астана даңғылының аралығын байланыстыратын Е.Көшербаев көшесі 4 жолаққа кеңейтіліп, аяқсу жүйелері ауыстырылады. Жарық шамдары жаңаланып, жаяу жүргіншілер жолы түседі. Жоба құны – 434,4 млн теңге. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 133,2 млн теңге бөлініп отыр.

Қайта жаңғырту жұмысы наурыз айында басталады. Әзірге дайындық шаралары пысықталуда. Жобаның жай-күйімен танысқан қала әкімі мердігер мекеме басшысына жұмыстардың өз мерзімінде және сапалы аяқталуына күш салу керектігін тапсырды. Өз кезегінде компания басшылығы игілікті істі атқаруға сақадай сай екендігін жеткізді.

Үйлер әрленеді

Қаладағы көшелерді аралаған қала әкімінің келесі нысаны көпқабатты үйлер болды. Өткен жылы облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған көпқабатты үйлердің қасбеттерін панельдермен қаптау жұмысы биыл да жалғасады. Игілікті іске облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, көпқабатты 16 тұрғын үйдің қасбетін жаңалау жүргізілуде.

Қала әкімі қаптау жұмыстарының жүруін көру мақсатында А.Байтұрсынов көшесінің бойындағы №40 үйге барды. Бұл үйдің қасбетін «Даренстрой» ЖШС қолға алған.

Шаһар басшысы компания басшыларына қажетті құрылыс материалдарының жеткілікті алынуына және оның сапасы жоғары болуына мән беру керектігін айтып, қаптау жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар мердігердің халық алдында жауапты екендігін ескертті.

Теміржол қақпасы қайта жаңаруда

Аралау барысында қала әкімі Асылбек Шәменов қайта жаңғыртудан өткен теміржол вокзалына да барды. Еске салсақ, тарихи ғимаратты қайта жаңғыртуға облыс әкімі бастама көтеріп, «Қазақстан темір жолы» компаниясымен келіссөздер жүргізу арқылы 322 млн теңге және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен 255 млн теңге бөлінді.

Жобаға сәйкес, ғимараттың сыртқы бетіне травертин плиталарын монтаждау, шатырын, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустарды, суағарды, су, кәріз және жылу жүйелерін жөндеу, қала жақ бетін көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ішкі бөлмелерін жөндеу қолға алынды. Мұнан бөлек, 2 жолаушылар платформасына жаңадан асфальт төселіп, төрт көзді жарық шамдар орнатылды.

Екінші ғимарат та ерекше кейіпке еніп, әкімшілік ғимаратының сырты әрленді, 200 шаршы метр шатыры жөнделді. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен перрон және автотұрақ асфальтталып, жарық шамдар қойылды. Оған қоса вокзал маңындағы нысанның сыртқы қасбеті қапталды. Ал қазіргі уақытта перрон аумағына брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімі мердігер мекеменің жұмысшыларына жөндеу жұмысын сапалы жүргізу керектігін айтып, вокзал басшылығына күнделікті бақылау жұмыстарын күшейтуді жүктеді.

Қызылорда – таза қала

Бүгінде «Қызылорда тазалығы» мекемесі қаланың тазалығын қамтамасыз етуде жүйелі жұмыстарды атқарып келеді. Өткен жылы аталған мекемеге облыс әкімінің қолдауымен 20 арнайы техника алынды. Оған облыстық бюджеттен 742,8 млн теңге бөлінді.

Қажетті техникалармен жарақтанған серіктестік қызметкерлері тәулік бойы тазалық шараларын жүргізіп, халықтың ықыласына бөленуде. Шаһар басшысы қаланы аралау барысында тазалықшылармен кездесіп, қала тазалығы үшін тер төккен еңбеккерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

Қала әкімі мекеме басшысына тазалық жұмыстарын кезекшілік кестесіне сәйкес толық атқарып, техникалардың үздіксіз жұмыс істеуін және оларды жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді, қажетті шараларды үйлестіруді тапсырды.

Тілші түйіні

Бірнеше нысанды аралаған шаһар басшысы қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына нақты тапсырмалар жүктеді. Әрбір атқарылатын жұмыс сапалы әрі уақытылы аяқталу керектігін баса айтты.

Ақтолқын Нұрлыбай

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: