Жұма, 07 ақпан, 14:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Су тасқынының алдын алу шараларына мониторинг жасалды

07.02.2025

16 0

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері өңірдегі көктемгі су тасқынының алдын-алу бағытындағы жұмыстарға партиялық бақылау жасады. Мониторинг жұмысына партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық және қалалық партиялық бақылау комиссиясы төрағалары мен орынбасарлары, депутаттық фракция мүшелері мен жауапты сала мамандары қатысты.

Жалпы облыс аумағынан өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1 274 шақырымды құрайды. Ондағы қорғаныс бөгеті 625,12 шақырым. Осыған орай су тасқынына бейім 29 елдімекен белгіленген. Онда 70 мыңнан аса тұрғын, 14 мыңға жуық тұрғын үй орналасқан. Бүгінгі күні ықтимал су тасқынының алдын алу бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Мәселен, облыс әкімдігімен қысқы-көктемгі кезеңде Сырдария өзенінде үлкен көлемдегі суды қауіпсіз өткізу жоспары бекітіліп, су тасқынына қарсы жасалатын инженерлік жоспардағы іс-шаралар, 87,5 пайызға орындалған.

Облыстық жұмылдыру дайындығы аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүндабековтың айтуынша су басу қаупі бар аймақтарға арнайы техника, күш-құралдары бар жауапты мекемелер бекітілген.

«Бұл 29 су басу қауіпі бар аймаққа 135 мекеме бекітілген. Оларда 410 арнайы техника және 1 234 адам күші бар. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлар қажетті көлемде қалыптастырылды. Су тасқыны кезеңінде халықты көшіру пункттері де дайын. Тиісті сала мамандарымен Сырдария өзені арнасындағы 10 су бекеттері мен 4 су тораптарында су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізілуде»,- дейді Б.Жүндабеков.

Атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов халықтың қауіпсіздігі бәрінен маңызды екенін тілге тиек етіп, азаматтық қорғау қызметінің басшыларына тәуліктің кез келген уақытында, кез келген нәрсеге дайын болу керектігін жеткізді.

Жалпы, қазіргі таңда Сырдария өзенімен облысқа келіп жатқан судың көлемі 463 м3/сек. Жетікөл каналының сағасынан 5 км төмен, Қызылорда су торабынан 75 км жоғары мұз ұстасқан. Жөлек елді мекені тұсында 10-15%, Тартоғай елді мекені тұсында 30% Сырдария өзенінде сең жүруде. Барлық қауіпті учаскелерде кезекшілік жұмысы ұйымдастырылуда. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: