Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Суреттер сөйлеген күн

20.09.2022

1025 0

Тасқа басып дәуірінің таңбасын,

Сенде туып кеңейтті ерлер арнасын.

Тыңдап өсіп туған елдің сыбдырын,

Жырға қосып Сырдария арнасын.

Тіршіліктің тайқазаны қайнаған,

Жыршылықтың қазығысың байлаған.

Алты алашқа нәрін берген әз ана,

Ақмаржанмен көмкерілген айналаң.

Иә, Қызылорда жайлы жыр жазбаған ақын кемде-кем шығар. Бұл қала талай тұлғаларға тұғыр болған қасиетті өлке.

«Қала күні» мерекесіне орай «Өнер арбаты» бойында «Қызылорда менің көзіммен» тақырыбында облыстық фотосуретшілер байқауы өтті. Оған 30 талапкер қатысып, өз туындыларын ұсынды.

Қала сұлулығын, көшелердің көркемдігін көрсетіп, екі ғасырдан астам тарихын дәріптеуді мақсат еткен байқауға қатысушылар жоғары деңгейде дайындалған.

Байқау қорытындысы бойынша Бақытжан Тәжібаев бас жүлде иеленсе, бірінші орын Ким Михаилге бұйырды. Екінші орын Сергей Коноваловқа, үшінші орын әріптесіміз, фототілші Нұрболат Нұржаубай мен Нұрбол Ақбаевқа табысталды.

– Бұл байқауға әркім өз туындысын ұсынады. Біреулер жай қызығушылықпен түсірген суретін ұсынса, енді бірі кәсіби тұрғыда түсірген суреттерін әкеп жатыр. Сурет сөйлеп тұру керек. Бірде үлкен байқау ұйымдастырылып, бір автордың еңбегі жоғары бағаланыпты. Сонда көрермендер «Сіздер жай ғана тостағанның суретін неге жеңімпаз деп таныдыңыздар?» – деп сұрайды. Қызықты қараңыз, ол суретте тостағанның сыры ұшқан жері Аралдың картасын көрсетіп тұр екен. Міне, жетістік, міне, кәсіби фотограф. Бұл үлкен идеялар көрінісі, – дейді қазылар алқасы мүшесі Тілеген Бекарыстанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: