Жұма, 29 қараша, 09:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Сыр ақынының көрмесі ашылды

09.10.2021

912 0

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Шөмішбай Сариевтің 75 жылдығына орай көрменің ашылу салтанаты болып өтті.

Шараға ардагерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері және музей қызметкерлері қатысты.

Шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов ашты.

– Бүгінгі өткізілген шараның маңызы зор. Өйткені қазақ поэзиясының қара нарының мерейтойы. Айдынды Арал өңірінен шығып, күллі Алашқа танылған тұлғаның есімі ел жадында мәңгілік сақталып қалды. Көрме арқылы көркем ой, кестелі сөз иесінің екінші ғұмыры басталды, – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар шараға Шөмішбай Сариевтің жары Жұмагүл Сариева қатысып, сөз сөйледі.

– Ақынның жары болу – үлкен жауапкершілік. Ол әрбір шығармасын жүрегінің түкпірінен өткізіп, жан-дүниесімен сезініп барып қағазға түсіретін. «Ата мұра» баспа үйінің қолдауымен соңғы шығармалары жарыққа шықты. Алматы қаласында өзі тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды. Әдебиет пен мәдениет өкілдері оны «Қос қанатты ақын» деп атайтын. Оның бірінші қанаты – поэзия, екінші қанаты – ән әлемі болды. Ол шет мемлекеттерге сапарлағанда сол елдің тарихымен танысуды өзіне мақсат тұтатын. Өз туған Отанының салт-дәстүрі мен өнерін шексіз сүйетін тұлға еді. 300-ден аса әнге сөз жазды. Елу жыл бірге ғұмыр кештім. Тек жақсы жағынан көрінді. Отаны мен отбасын әрқашан құрметтей білді. Атын ардақтап, құрмет көрсетіп жатқан барша Сыр жұртшылығына алғыс айтамын, – дейді жары Жұмагүл Қаженқызы.

Көрмеге Шөмішбай Сариевтың өзі ұстап тұтынған жеке заттары, шапаны, жазу машинкасы, кәде сыйлары, кітаптары мен фотосуреттері сынды 50-ге жуық экспонаттары қойылды.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: