Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сыр елінде бәйге өтті дүбірлеген

18.10.2022

1051 0

Сыр өңірінде 25 қазан республика күніне орай, «Алтын дән-2022» мерекесі аясында ат бәйгесі өтті.

Желмен жарысып, аузымен құс тістеген сәй­гүліктердің жарысы жас ерекшеліктеріне қарай 5, 11, 15, 25000 метр қашықтыққа бөлінді.

Ат бәйгесі – қазақ даласында ертеден жалғасып келе жатқан ұлттық спорт түрінің бірі. Бүгінде қанатын кеңге жайып бұқаралық сипатқа ие болып келеді. Аталған шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұлтымыздың қасиетті спорт түрі «Бәйге» жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, өңір спортының дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Жалпы Сыр жұртшылығы алтын күзбен бірге келетін дүбірлі дода – ат жарысын сағынып қалыпты. Оған себеп, трибунаға тола жиылған қауым қиқулап, сүйікті фавориттерінің атын айқайлап, мерекенің сәнін кіргізді. 5 шақырымға созылған «Тай» жарысынан Шиелі ауданынан келген Дамир Әуезхан бірінші орынды жеңіп алып, қаржылай  400 мың теңге сыйға берілді. Сондай-ақ екінші, үшінші орындар Жамбыл облысының шабандоздары бөлісті.

Одан кейін 11  шақырымдық «Құнан» бәй­ге­сінен жалағаштық Әлихан Ержан 1 орын­ды қанжығаға байлады. Ал екінші орынды  шиелілік Дамир Әуезхан, үшінші орынды қызылордалық Бауыржан Әбубәкір жеңіп алды. Жеңімпаздарға 2 млн теңгемен 500 мың теңге қаржылай сыйақы табысталды.

Ал 15 шақырымдық «Топ» бәйгеден Алматы­дан келген Назар Асылжан топ жарып, алға шықты. Екінші орынды Тараз қаласынан келген Бағжан Айдарұлы иеленді. Ал үшінші орын – жам­былдық Кекек Маханғалиға бұйырды. Үздік шабандоздарға 2 млн теңгеден бастап 500 мың теңге аралығында қаржылай сыйақы берілді.

Бәйгенің ең маңызды бөлімі ол 25 шақы­рымдық «Аламан бәйге» болды десек қате­леспейміз. Қатысушылардың арасынан қара үзіп, құйрық тістесіп келгендердің алғашқы легі жүлделі орындарға ие болды. Бірінші орынды – Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылынан келген Ержан Әлихан жеңіп алды. Ал 2 орынға – қызылордалық Қуандық Жолшыбаев табан тіреді. Сонымен қатар 3 орын – Жамбыл облысынан келген Қошқар Құтманәлиевке бұйырды. Аламан бәйгенің жеңімпаз жүлдегерлеріне 4 млн теңге мен 1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.

Мерекеге орай ұйымдастырылған Аламан бәйгеде бабы мен бағы қатар жанған жеңімпаз­дарды мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның «Еңбек ері» Абзал Ералиев, қала әкімі Асылбек Шәменов, облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев марапаттады.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: