Сәрсенбі, 20 қараша, 19:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Сыр елінде жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды

13.04.2024

1120 0

Сыр елінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында апта сайын жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылуда. Осы уақытқа дейін облыстың елді мекендеріне 28 мыңнан астам саялы ағаш көшеті отырғызылды.
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сенбілікке қатысып, Тұңғыш Президент атындағы саябақ пен Рәміздер алаңы аумағына ағаш екті.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің бірқатар аймағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Науқан 5 аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты белгіленген. Мәселен, науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталып, тұрғындар, қоғам белсенділері мен мекемелер өз аула-жайын тазартты. Одан соң «Киелі мекен» апталығы кезінде қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер аумағы абаттандырылады. Ал «Жасыл аймақ» апталығында ағаш егу жұмыстары жүргізіледі. Жас буын «Өнегелі ұрпақ» апталығы кезінде ардагерлер мен Қарттар үйінің ауласын жинап, қолғабыс жасайды. Ал акцияның соңғы аптасы «Мөлдір бұлақ» тақырыбымен өтіп, өзен-көл жағасы тазартылады.
Осы ретте, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны басталғаны туралы үндеу жариялап, тұрғындарды тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға шақырды.
Бүгінгі сенбілікте Қызылорда қаласы аумағына 2000-ға жуық түп көшет отырғызылды. Студенттер, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, еріктілер Тұңғыш Президент, Денсаулық және демалыс, Б.Шөкенов атындағы саябақтар мен С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының, бірқатар мектеп пен балабақша аумағын тазартты. Іс-шараға барлық елді мекен тұрғындары, еңбек ұжымдары мен белсенді жастар қатысуда.
Акцияға облыс бойынша 1119 мекемеден 14611 адам үлес қосты, қоқыс жинауға 219 арнайы техника тартылды. Жұмыс аяғында полигондарға 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, өткен жылы абаттандыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 6,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұған 51 жоба жүзеге асырылды, 77 шақырым болатын 58 көше жарықтандырылды, 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, 6 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылды. Тағы 17 көпқабатты тұрғын үйдің 5 аулаішілік аумағы абаттандырылды. Демеушілер есебінен қаладағы 26 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері қапталып, 1 млрд. теңгеге Қызылорда қаласының орталық алаңы көркейтілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: