Сейсенбі, 15 сәуiр, 04:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26,2139
12.04.2025
PDF мұрағаты

Сыр өңірінде тазалық және абаттандыру шаралары жалғасуда

13.04.2025

370 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы жаппай сенбілік одан әрі жалғасуда.

Тазалық шараларына біркісідей қатысқан 110 мыңнан астам еріктілер, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері, қала, аудан және ауыл тұрғындары 3 800 тоннадан астам қоқыс қалдықтарын жинады. Елді мекендердегі 373 сквер мен парк, 152 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 520 әлеуметтік, 732 өнеркәсіп және бизнес,19 су нысанының маңайы мен 3 467 көше бойы тазартылды. Оған 900-ден астам техника жұмылдырылды.

Жыл басынан бері облыс аумағына 49 765 түп өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.

Өңірдің барлық елді мекеніндегі санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: