Сыр өңіріне Оңтүстік Кореяның Чоллакбук-до қаласынан делегация келді. Делегация құрамында Чоллабук-до провинциясының сыртқы ынтымақтастық департаментінің жетекшісі Сон Хе Вон, Чоллабук-до провинциясының халықаралық қатынастар орталығы департаментінің директоры Чо Хана және сыртқы ынтымақтастық департаменті тобының үйлестірушісі Ли Джи-Вон бар.
Мәртебелі меймандарды «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов және облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі, қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Әйгерім Алиева қарсы алып, Достық үйін аралатып, 11 этномәдени бірлестіктерінің жұмыс кабинеттерімен таныстырды.
«Қазақстан корейлері қауымдастығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің кабинетінде болып, бірлестік ардагері Юрий Ким корей этносының фотосуреттерін, тұрмыстық заттарын және корей тіліндегі кітаптарын көрсетті. Қызылорда. Ассамблея фейсбук әлеуметтік парақшасындағы жергілікті корей этностары туралы жарияланған соңғы ақпараттармен бөлісті.
Делегация мүшелері өз кезегінде өңірлік корей этномәдени бірлестігінің өкілдеріне сый-сияпат жасап, екі ел арасындағы тарихи байланыстар өзінің маңыздылығын жоймай, жаңа заман талабына сай орнап, дами берсін деген тілектерін білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!