Жексенбі, 22 желтоқсан, 23:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сыр жұрты ақынға құрмет көрсетті

28.10.2021

1196 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев қала күні мерекесі аясында өткен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның 5 томдық таңдамалы жыр жинағының тұсаукесер рәсіміне және Жастар театры ұсынған «Ұлардың дауысы» атты поэзиялық қойылымының премьерасына қатысты.

Кітаптың тұсаукесер рәсімінде қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы төл өнер – айтыс атасын мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты. Ақын өз кезегінде қала күніне орай біршама кітаптарын қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне сыйға тартты. Салтанатты шара «Ұлардың дауысы» атты поэзиялық қойылымның премьерасымен жалғасты.

Ж.Ермановтың өмірі мен өлеңдеріне құрылған «Ұлардың дауысы» атты поэзиялық қойылым – Қызылорда қаласының Жастар театры, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, жырау, профессор А.Алматов пен ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, режиссер-сценарист О.Нұрмахановтың бірлескен туындысы.Қойылым қиял құшағындағы бала Жүрсін бейнесімен бастау алып, ары қарай жігіт Жүрсіннің азамат болып қалыптасу жолындағы арпалысты сәттерін театр әртістері ақын өлеңдері арқылы жеткізді. Спектакльдің негізгі бөлімінде сахнада көрініс табатын бәйтерек – өмір ағашы, оның жапырақтары ақынның 70 жасқа дейінгі сәулелі сәттері мен мұңды мезеттерін, жеңісі мен жеңілістерін, Тәңір қосқан қосағы – Бақытжамалмен бірге кешкен ыстық та суық, ащы да тәтті тіршілігін бейнелейді.

Қойылым соңында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман қызылордалықтарды қала күні мерекесімен құттықтап, қала басшылығына және театрдың шығармашылық ұжымына алғысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: